«Стэнли Кубогы әжетхана немесе итаяқ емес. Оған бұлай қарауды доғарайық»

The Hockey News баспасының америкалық журналисті Кен Кэмпбелл «Сент-Луис Блюз» шабуылшысы Робби Фаббридың іс-әрекетіне наразылығын білдірді. Яғни, спортшы өз итін Стэнли Кубогына спагетти салып, тамақтандырған. Тілші одан трофейге құрметпен қарауын талап етті.  «Ойыншылар бұл тамаша ыдысқа қол жеткізу үшін тынбай еңбек етеді. Бұл олардың өмір бойғы арманының көрінісі. Осыны біле тұра, сіз өзіңіздің итіңізге спагетти […]

Читать далее

«Монреаль» Эндрю Шоуды «Чикагоға» үш драфт-пикке ауыстырды

«Монреаль Канадиенс» шабуылшы Эндрю Шоуды «Чикаго Блэкхокске» алмастырды, деп хабарлайды канадалық клубтың ресми сайты. «Канадиенс» драфт-2020-ның екінші және жетінші раунды мен драфт-2021-дің үшінші раундында таңдау жүргізуге мүмкіндік алды. «Чикаго» Шоудан бөлек, 2021 жылғы драфттың жетінші раундында таңдауға қол жеткізді. «Монреалдағы» үш маусымында 27 жастағы Шоу 182 матч өткізіп, 41 шайба соққан және 96 ұпай еншілеген. […]

Читать далее

ҰХЛ 2019-2020 жылға арналған күнтізбені жариялады

Ұлттық хоккей лигасының 2019-2020 жылға қалыпты маусымы қазанның 2-сі күні бастау алмақ. Алғашқы матчта «Сент-Луис» өз айдынында «Вашингтонмен» күш сынасады. Бұл жайында ҰХЛ ресми сайты хабарлады. Осы жекпе-жектен бөлек, алғашқы ойын күнінде «Оттава» «Торонтоға» қонаққа барса, «Эдмонтон» «Ванкуверді» қабылдамақ. Ал «Вегас» болса, өз айдынындағы матчын «Сан-Хосеге» қарсы өткізбек. 2019 жылғы ҰХЛ-ның Global Series турниріне төрт […]

Читать далее

«Сент-Луистың» чемпиондық шеруіне 500 мың адам келді

Ұлттық хоккей лигасы клубы «Сент-Луис Блюздың» чемпиондық шеруін тамашалауға 500 мыңнан аса адам қатысты. Бұл қала тұрғындарының жалпы санынан да көп. Ертеректе, Миссури штатының губернаторы Майк Парсон ресми нұсқау жариялап, 2019 жылдың 15-ші маусымы күні барлық штаттарда «Сент-Луис» күні ретінде тойланатындығын айтқан болатын. Стэнли Кубогы «блюзмендер» үшін 1967 жылдан бастап Ұлттық хоккей лигасында қатысып келе […]

Читать далее

«Вашингтон» қақпашысы Холтби тағы да ЛГБТ-шеруіне қатыспақ

Ұлттық хоккей лигасныдағы «Вашингтон Кэпиталз» клубының қақпашысы Брэйден Холтби ЛГБТ-шеруге кезекті рет қатыспақ, деп хабарлайды «елордалық» команданың ресми сайты. Хоккейші Capital Pride шеруін 2016 жылдар бері тамашалап келеді. Онда адам құқығы жайында бірнеше рет сөз сөйлегені бар. Айта кетейік, «Вашингтон» – Стэнли Кубогының қазіргі уақыттағы жеңімпазы. 2018 жылы Барри Тротца шәкірттері өз тарихында тұңғыш рет […]

Читать далее

ҰХЛ-ның экс-ойыншысы түрмеге қайта оралу үшін, тәртіп сақшысын бопсалады

  ҰХЛ-ның бұрынғы ойыншысы Патрик Коте түрмеге қайта оралу үшін, полиция көлігінің терезесін сындырамын деп қауіп төндірді. Бұл жайында TVA Nouvelles баспасы хабарлап отыр. Хоккейші осыған дейін есірткі сақтағаны, шабуылдары, қауіп төндірулері, автокөлік ұрлағандығы және банк тонағандығы үшін бірнеше мәрте абақтыға қамалған болатын. 2014 жылдың шілдесінде Монреал қаласының маңындағы қос бірдей банкты тонағандығы себепті 30 […]

Читать далее

ҰХЛ 2019 жылғы Қытайда өтетін маусым алдындағы матчтардан бас тартты

Ұлттық хоккей лигасы осы осы күзде маусым алдындағы даярлық матчтарын Қытайда өткізбейтін болды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты. Лига кездесу ұйымдастыру барысындағы қиындықтарға Қытай Халық Республикасы білімінің 70 жылдық мерекесін тойлау себебінен тап болғандығын ҰХЛ комиссарының орынбасары Билл Дэйли хабарлады. «Бұл Қытайдағы стратегиялық жұмысты тоқтатамыз дегенді білдірмейді. Керісінше, күшімізді екі есе жұмсап, бұл елде қоныс […]

Читать далее

Финляндия құрамасы Канаданы жеңіп, 2019 жылғы әлем чемпиондары атанды

Хоккейден 2019 жылғы әлем чемпионатының финалында Канада құрамасы Финляндиямен жолықты. Кездесу Братиславада өтіп, 3:1 есебімен еуропалықтардың пайдасына аяқталды. Есеп ойынның алғашқы бөлігінде ашылып, канадалық қорғаушы Ши Теодор командасын алға шығарды. Финдіктер екінші айналымның басында капитан Марко Анттиланың тура соққысымен таразы басын теңестірді. Ал, үшінші айналымның алғашқы минутында Анттила дубль жасап, құрамасын ьаблодағы көрсеткіште суырып алға […]

Читать далее

Стэнли Кубогы 2018/19 жылғы маусымның финалистері анықталды

Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) батыс және шығыс конференциялардың финалы өз мәресіне жетті. Батыс конференциясының жеңімпазы болып финалда «Сан Хосені» төрт жеңіске дейінгі серияда 4:2 есебімен жеңген «Сент-Луис» танылды. Шығыста «Бостон» мықтылық танытты. Дәл осындай жеңісті жолда ол «Каролинаны» 4:0 есебімен тізерлетті. Енді қос команда Сэнли Кубогының финалында ҰХЛ үздік ұжымы деген атақ үшін кезедесетін болады. […]

Читать далее

Хоккейден 2019 жылғы әлем чемпионатының ширекфиналистері анықталды

Бүгін, мамырдың 20-сы күні, хоккейден 2019 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған барлық қатысушылар белгілі болды. Соңғы болып жолдамаға Латвия құрамасын жеңген (5:4) Швеция командасы қол жеткізді. А тобынан ширек финалға өткендер – Канада, АҚШ, Финляндия және Германия. Ал, В тобынан Швециядан бөлек, плей-оффқа Ресей, Чехия және Швейцария жолдама алды. Хоккейден биылғы әлем чемпионаты […]

Читать далее