«Сент-Луистың» чемпиондық шеруіне 500 мың адам келді

Хоккей

Ұлттық хоккей лигасы клубы «Сент-Луис Блюздың» чемпиондық шеруін тамашалауға 500 мыңнан аса адам қатысты. Бұл қала тұрғындарының жалпы санынан да көп.

Ертеректе, Миссури штатының губернаторы Майк Парсон ресми нұсқау жариялап, 2019 жылдың 15-ші маусымы күні барлық штаттарда «Сент-Луис» күні ретінде тойланатындығын айтқан болатын.

Стэнли Кубогы «блюзмендер» үшін 1967 жылдан бастап Ұлттық хоккей лигасында қатысып келе жатқан сәттен бергі алғашқысы. Осы аралықта команда ҰХЛ чемпионатының финалына үш мәрте шықты. Соңғысы 1969-1970 жылғы маусымда орын алған. Сол кезде «Сент-Луис» «Бостонға» қарсы өткен финалдық серияда 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.