Біз туралы

Сетанта спорттық арналар тобы- Еуразия аймағында нөмері бірінші!

«Сетанта» арналар тобы ТМД-ның: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Эстония мемлекеттерінде көрсетіледі.

Сетанта Спорт, Сетанта Спорт плюс және Сетанта Қазақстан арналары жылына 1000-нан астам эксклюзивті тікелей трансляциялар таратады. Оның ішінде: Ағылшын Премьер-Лигасы, Испания чемпионаты, Италияның А сериясы, Германия Бундеслигасы, Франция Лига 1, Ағылшын лигасының кубогі, Ұлттық құрамалардың ойындары, ҰХЛ, ҰБҚ, UFC, Формула-1, ATP 250 сериялы теннис турнирлері және Мастерс санатындағы жарыстар секілді көптеген спорттық шараларды көрермендеріне ұсынады.

Сетанта спорттық арналар тобын сіздер еліміздің барлық жерсеріктік және кабельдік жүйелері арқылы көре аласыздар.