С. Уильямс: «Федерермен үш жылдан соң, әлі де ойнай береміз дегенге сенбеймін»

«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы америкалық теннисші қыз Серена Уильямстың айтуынша, өзі және 20 мәрте мэйджор чемпионы швейцариялық Роджер Федерер үш жылдан кейін, мансаптарын аяқтамақ. Екеуінің де жасы 37-де. «Көрермендер Роджер екеумізді Уимболдонда жылы шыраймен қолдады ма дейсіз бе? Мен қолдау мен махаббатты сезіндім. Мұны бағалаймын. Финалда одан да үздік өнер көрсеткім келген. Симона […]

Читать далее

Федерер «Үлкен дулыға» турнирінің рекордын орнатты

Уимболдон турнирінде екінші нөмірмен «еленгендер» тізімінде болған швейцариялық Роджер Федерер Маттео Берреттиниды 6:1, 6:2, 6:2 есебімен тізерлетіп, ширек финалға жолдама алды. 37 жастағы Базель тумасы үшін бұл жеңіс «Үлкен дулыға» көгалды турниріндегі 99-шысы атанды. Осылайша, Роджер бір ғана мэйджордағы ұтыс бойынша, жекелей сынның матчтар саны көрсеткішінде бірінші сатыға шықты. Федерер Аустралия Ашық біріншілігінде 98 жеңіске […]

Читать далее

Энди Маррей Уимболдондағы микстте Серена Уильямспен ойнайтындғын хабарлады

Британиялық теннисші Энди Маррей Уимболдондағы аралас бағам бойынша жұптық сында бірге өнер көрсететін серігін таңдады. 32 жастағы Глазго тұрғыны америкалық Серена Уильямспен жұп құрамақ, деп хабарлайды «Чемпионат» тілшісі Анастасия Романова. С.Уильямс микстке алғаш рет 1998 жылы шықты. Сол уақытта ол белоруссиялық Максим Мирныймен тізе қосты. Осыған дейін Маррей өзіне жұп таңдау барысында біраз теннисшілердің бас […]

Читать далее

В. Уильямс 15 жасар Гауффтан жеңілуі жайында: «Қарама-қайшылық байқалды»  

Уимболдонның жекелей сын бойынша бес дүркін жеңімпазы 39 жастағы америкалық Винус Уильямс өзінің 15 жасар отандасы Кори Гауффтың көрсеткен тамаша ойынына жоғары баға берді. Айта кетейік, «Үлкен дулыға» көгалды турнирінің алғашқы айналымында ол қос сеттің қорытындысы бойынша қарсыласынан 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.  . «Ол тамаша ойнады. Ал, мен – айтарлықтай жақсы емес. Қарама-қайшылық […]

Читать далее

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы: Джоковичтың Уимболдонды жеңетініне сенімдімін

«Үлкен дулыға» турнирінің жеті дүркін жеңімпазы және әлемнің экс-бірінші ракеткасы швециялық Матс Виландер Уимболдонның ерлер бағамындағы жекелей сынын қорытындылауда болжам жасап көрді. «Турнир басталмай тұрып, финалда кімдер өнер көрсететіндігін болжап айту қиын. Новак Джокович – басты фаворит. Оның ізін ала Роджер Федерер орналаспақ. Ондағы мүмкіндікті Рафаэль Надальдан жоғары қойдым. Дегенмен екі-үш матчтан соң, ақпаратқа кеңірек […]

Читать далее

Джон Макинрой Серананың рекорд орнату мүмкіндігі жайында пікір білдірді

«Үлкен дулыға» сериялық турнирінің жеті дүркін жеңімпазы америкалық Джон Макинрой Серана Уильямстың «Үлкен дулыға» турниріндегі титулдар саны бойынша рекордтқа ие Маргарет Корттың көрсеткішін жаңарту мүмкіндігі жайында пікір білдірді. Серананың еншісніде 23 трофей болса, Кортта 24. «Серенаның жасы 38-ге таяп қалды және перзенті бар. Сондықтан оның организмі бұған қалай төтеп бермек деген сауал туындайды. Неғұрлым жасы […]

Читать далее

Надаль: Уимболдонда ойыншының маусым барысында жинаған беделін құрметтемейді

Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль Уимболдон ұйымдастырушылары еленген ойыншыларды тізбектеу барысында рейтинг көрсеткішіне мән бермейтіндігіне көңілі толмайтындығын жеткізді. «Бұл қарапайым жайт. Уимболдон – ұйымдастырушылар ойына келгенін істейтін жалғыз турнир. Еленгендер тізімінде екінші, не үшінші болам ба, маңызды емес. Қандай жағдай болмасын, үздік ойынымды көрсете түсуім және әр матч сайын жеңіс үшін күресуім қажет. Әйткенмен, Уимболдонда еленгендер […]

Читать далее

Сегіз саусақты теннисші қыз Уимболданда «уайлд-кардқа» қол жеткізді

18 жасар британиялық теннисші қыз Франческа Джонс Уимболдонда «уайлд-кард» еншіледі. Спортшы өте сирек кездесетін генетикалық ауытқушылыққа ие эктродактилиямен дүниеге келген. Осының салдарынан оның қолындағы саусақтар саны сегіз болса, аяғындағы башпайлары жетеу. Дәрігерлер Джонстың кәсіби теннисші атануы мүмкін емес екендігін алға тартқан еді, бірақ ол мұның жалған екендігін дәлелдеп берді. WTA рейтингінде Франческа 297-ші сатыда. Тоғыз […]

Читать далее

Энди Маррей Уимболдонда бақ сынайды

Лондондағы (Ұлыбритания) турнирде испаниялық Фелисьяно Лопеспен бірге жұп құрап колумбиялық қарсыластары Хуан-Себастьян Кабаль мен Роберт Фараны 7:6 (7:5), 6:3 есебімен тізерлеткен британиялық теннисші Энди Маррей осы жылдың қаңтарынан кейінгі дебюттік матчында жеңіске жетті және Уимболдон сайысына қатысатындығы жөнінде сөз қозғады. Британиялық «Үлкен дулыға» көгалды турниріне жұптық бағам бойынша қатысатындығын және кіммен дуэт құрайтындығын айтып берді. […]

Читать далее

Федерер: Рафа топырақта өзін еркін сезінсе, маған көгал жайлылырақ

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Галледегі (Германия) турнир аясында көгалды төсенішке қайта оралуы жөнінде пікір қалдырды. «Өткен бірнеше жылмен салыстырғанда, көгалды кортқа дайындалу үшін менде өте қысқа уақыт болды. 2017 және 2018 жылдары топырақты төсенішке ие турнирлерге қатыспадым. Сондықтан, ары қарай жаттыға беруге мұршам болды. Әйткенмен, жылдам дайындық барысында мазасыздыққа ұшыраудамын деп айта алмаймын. Жарақатым өзімнің […]

Читать далее