Premier League Asia Trophy финалы Setanta Qazaqstan арнасында

Ертең Қытайда ағылшын командалары қатысқан маусымалды жолдастық турнир аяқталады. Премьер-Лига Азия Трофи финалында “Вулверхэмптон” мен “Манчестер Сити” жолығады. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да бастау алады.  Жартылай финал кездесулерінде “Вулверхэмптон” “Ньюкаслды” ойсырата жеңсе, “Ман Сити” “Вест Хэмді” қапы қалдырды. Premier League Asia Trophy-2019. Жартылай финал: «Ньюкасл» – «Вулверхэмптон» – 0:4 Голдар: Жота, 15 (0:1), Гиббс-Уайт, 32 (0:2), […]

Читать далее

Де Росси: «Бока Хуниорста» доп теппей, мансабымды аяқтай алмаймын»

Италиялық «Романың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Даниэле Де Росси «Бока Хуниорс» сапына ауысу жөнінде шешім қабылдады. Бұл жайында Marca баспасы хабарлап отыр. Мұндағы ақпарат бойынша, Де Росси аргентиналық клубпен бір жылдық шартнамаға келісімін беріпті-мыс. Таяу аралықта оны ресми түрде рәсімдемек. 35 жастағы футболшы мансап жолын түгелдей «Ромада» өткізген. Өткен маусым аяқтала салысымен, римдік клубтың құрамынан кетті. […]

Читать далее

Премьер-Лига Азия Трофи Setanta Qazaqstan телеарнасында

Setanta Qazaqstan Ағылшын Премьер-Лигасының жаңа маусымын күту уақытын азайтады. Шілденің 17-сі мен 20-сы күндері тікелей эфирде Премьер-Лига Азия Трофи матчтарын тамашалаңыздар!  “Манчестер Сити”, “Вест Хэм Юнайтед”, “Ньюкасл” және баршамызды өткен маусымда тәнті еткен “Вулверхэмптон” Шанхай алаңдарында АПЛ-ға дайындықтарын пысықтайды. Премьер-Лига аясында жоспарланған маусымаралық турнирде кім жеңіске жетеді? Бірге куә болайық. 17 шілде, сәрсенбі. Олимпияда орталығы (Нанкин, Қытай) 15:50. […]

Читать далее

Чилаверт: Месси дұрыс айтады, КОНМЕБОЛ футболды құртуда

Парагвай ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Хосе Луис Чилаверт Оңтүстік Америка футбол конфедерациясын айыптаған Аргентина көшбасшысы Лионель Мессиді жақтады. «Сөзсіз, бұл Америка Кубогі Бразилияны чемпион қылу үшін ұйымдастырылды. КОНМЕБОЛ футболды құртуда. Олар неліктен Мессиді жазаламақ? Біз демократиялық әлемде өмір сүреміз. Ойыншылар бірігіп бұл турнирге байкот жасау қажет» – деді Чилаверт FOX Sports арнасына берген сұхбатында.

Читать далее

Copa America – 2019. Үшінші орынға талас матчы Setanta Qazaqstan арнасында

7 шілдеде Сан-Паулуда Америка кубогі – 2019 турнирінің үшінші орын иесі атану үшін кездесу өтеді. “Қола” жүлдеге Аргентина мен Чили құрамалары таласады. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де. Setanta Qazaqstan матчты тікелей эфирде назарға ұсынады.  Аргентина – Чили. Бұрынғы сценарий, төменірек белес. Аргентина Copa America – 2019 турнирінде Аргентина 0:2 Колумбия Аргентина 1:1 Парагвай Қатар 0:2 Аргентина […]

Читать далее

Чили – Перу. Copa America – 2019 жартылай финал матчы Setanta Qazaqstan телеарнасында

4 шілде күні «Арена ду Гремио» стадионында Америка Кубогінің жартылай финалында Чили мен Перу ұлттық құрамалары өзара мықтыны анықтайды. «Ла Роха» бұл кездесуде фаворит көрінгенімен, перулықтар оңай беріле қоймас. Чили ширек финалда Колумбияны жарыс жолынан сүріндірді. Бұл нәтижеге қол жеткізуде бас бапкер Рейнальдо Руэденің еңбегі орасан зор. Ол өз отандастарының ойын өрнегін жіті зерттегенін көрсетті. […]

Читать далее

Месси: «Біз турнирдегі ең үздік ойынымызды көрсеттік»

Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси Америка Кубогының жартылай финалында Бразилиядан 0:2 есебімен жеңілген соң, өзінің әсерімен бөлісті. – Турнирдегі өзіміздің үздік ойынымызды таныттық деген ойдамын. Тырысып баққанымызбен, мүмкіндіктерді нәтижелі түйіндей алмадық. Бразилиялықтар бізден соншама мықты болды деуге келмес, өте дөрекі фолдар жасады, қолымен де ойнады. Бірақ бұл кеште төрешілер бірде-бір рет VAR жүйесіне жүгінбеді де. […]

Читать далее

Рашфорд: «МЮ» үшін өз шыңы қайда болуы тиіс, соған оралтуға барымды саламын»

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рашфорд манчестерліктермен келісімшартының ұзартылуы жайында пікір білдірді. Естеріңізге сала кетейік, 21 жастағы ағылшын футболшысымен жаңа шартнама 2023 жылдың маусымына дейін жасалды. Оған қоса, тағы бір жылға ұзартылу мүмкіндігі сақтаулы. «Манчестер Юнайтедке» жеті жасымнан бастап келгелі бері, бұл ұжым мен үшін біраз нәрсені білдіреді. Мені ойыншы ретінде, тұлға ретінде қалыптастырды. Осы клубтың […]

Читать далее

Ла Лига президенті Неймардың «Барселонаға» оралуын қаламайтындығын жеткізді

Ла Лига президенті Хавьер Тебас ПСЖ шабуылшысы Неймардың «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін деген ақпаратқа өз пікірін білдірді. «Өз басым, Неймардың Ла Лигаға оралуын қаламас ем. Себебі ол өскелең ұрпаққа үлгі емес. Үздік ойыншы болар, бәлкім. Дегенмен, өзін-өзі ұстау мәнері де аса маңызды. Біздегі құндылықты сақтау үшін өте көп еңбек еттік және мұны өзгертуді еш қаламаймыз», […]

Читать далее

Копа Америка-2019. Титандар таласы мен Чилидің үшінші жорығы

Америка Кубогінің жартылай финалистері анықталды. Бұл матчтардың қорытындысы бойынша, екі үздік команда финалға жолдама алса, жеңілгендер – үшінші орынға таласады. 1/2 финалда Бразилия, Аргентина мен Чилидің табылуы болжамға сай келсе, төртінші құрама – Перу нағыз сенсация авторы атанды.   Бразилия – Аргентина Бұл Оңтүстік Америка футболының 100 жылдық тарихы бар классикасы. Копа Америка турнирінің ең […]

Читать далее