«Стэнли Кубогы әжетхана немесе итаяқ емес. Оған бұлай қарауды доғарайық»

Хоккей

The Hockey News баспасының америкалық журналисті Кен Кэмпбелл «Сент-Луис Блюз» шабуылшысы Робби Фаббридың іс-әрекетіне наразылығын білдірді. Яғни, спортшы өз итін Стэнли Кубогына спагетти салып, тамақтандырған. Тілші одан трофейге құрметпен қарауын талап етті. 

«Ойыншылар бұл тамаша ыдысқа қол жеткізу үшін тынбай еңбек етеді. Бұл олардың өмір бойғы арманының көрінісі. Осыны біле тұра, сіз өзіңіздің итіңізге спагетти мен бұршақ еттерді дәл осы қадірлі заттан жегізесіз бе? Әлде, жүргексіз балақайыңызды мұқтаждығы келген сәтте сонда отырғызуды қалыпты санайсыз ба? Жылқыларға трофейден ас ішуге, оны бассейнге лақтыруға мүмкіндік бермексіз бе?», – деген Кэмпбелл «Жігіттер! Стэнли Кубогы – бұл әжетхана емес, итаяқ та емес және ас ішуге арналған ыдыс та емес. Сондықтан, оған бұлай қарауды доғарайық!» атты жеке авторлық мақласында.