Алтыншы «Tour of World Class» 2019 веложарысы Алматыда өтеді

Без рубрики Спорт Жаңалықтары

18 тамызда Алматыда дәстүрлі әуесқойлар веложарысы өтеді. Тіркеу 9 тамызға дейін немесе қатысушылар саны 850 адамға дейін жеткенше www.almaty-marathon.kz сайтында өтеді. Онлайн тіркеліп, кіру бағасын төлеген адам қатысушы болып саналады.

Веложарыстың қатысушылары үш қашықтықтың бірін бағындыруы тиіс:

  • 14 км – 3000 тг
  • 34 км – 5000 тг
  • 57 км – 6000 тг.

Жарыстың бастауы мен мәресі Розыбакиев көшесіндегі «Mega Alma-Ata» ойын-сауық орталығында орналасады.

14 шақырымдық қашықтық 12-17 жас аралығындағы қатысушыларға арналса, 18 жастан асқандарға 34 км мен 57 км қарастырылған. Маршруттың сұлбаларымен сайтта таныса аласыздар.

Әрбір мәреге жеткен шабандоз естелік медалдарын тақса, жеңімпаздар марапаттау қағазы мен серіктестердің сыйлықтарын иеленеді.