Федерер: Рафа топырақта өзін еркін сезінсе, маған көгал жайлылырақ

Теннис

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Галледегі (Германия) турнир аясында көгалды төсенішке қайта оралуы жөнінде пікір қалдырды.

«Өткен бірнеше жылмен салыстырғанда, көгалды кортқа дайындалу үшін менде өте қысқа уақыт болды. 2017 және 2018 жылдары топырақты төсенішке ие турнирлерге қатыспадым. Сондықтан, ары қарай жаттыға беруге мұршам болды. Әйткенмен, жылдам дайындық барысында мазасыздыққа ұшыраудамын деп айта алмаймын.

Жарақатым өзімнің мықты қырымды танытып тұр. Бәлкім, әлсіз тұсымды да жасыруда. Осын есепке алсақ, өзімдегі басымдықты танытып, қалағанымдай ойнай аламын. Рафа да топырақты төсеніште өзін осылай сезінер, мүмкін. Сан түрлі қарсыластарға әр түрлі тактикаларым бар. Бұл сенімділікті арттырады», – дейді Федерер ATP сайтында.