Ертең Қытайда ағылшын командалары қатысқан маусымалды жолдастық турнир аяқталады. Премьер-Лига Азия Трофи финалында “Вулверхэмптон” мен “Манчестер Сити” жолығады. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18:30-да бастау алады.
Жартылай финал кездесулерінде “Вулверхэмптон” “Ньюкаслды” ойсырата жеңсе, “Ман Сити” “Вест Хэмді” қапы қалдырды.
Premier League Asia Trophy-2019. Жартылай финал:
«Ньюкасл» – «Вулверхэмптон» – 0:4
Голдар: Жота, 15 (0:1), Гиббс-Уайт, 32 (0:2), Жота, 40 (0:3), Аллан, 85 – автогол (0:4).
«Манчестер Сити» – «Вест Хэм» – 4:1
Голдар: Нобл, 26 (0:1). Сильва, 33 (1:1). Нмеча, 36 – пенальтиден (2:1). Стерлинг, 60 (3:1). Стерлинг, 72 (4:1).
Үшінші орынға талас:
«Ньюкасл» – «Вест Хэм». 20 шілде 16:00. Комментаторлар: Есбол Қарағұл, Әйбек Алдабергенов
Финал:
«Вулверхэмптон» – «Манчестер Сити». 20 шілде 18:30. Комментаторлар: Әлімжан Асқаров, Евгений Акманов.

