«Голден Стэйт» айналымнан Кевин Дюранттың нөмірін алып тастады

NBA клубы «Голден Стэйт Уорриорз» мәлімдемеден 35-інші нөмірді алып тастады. Соңғы үш маусымда дәл осы нөмірмен ұжымның жеңіл форварды Кевин Дюрант өнер көрсеткен болатын. Бұл жайында клубтың «твиттердегі» ресми парақшасы хабарлап отыр.

«Осыдан үш жыл бұрын, баскетболдың барлық замандардағы ең үздік ойыншыларының бірі Кевин Дюрант командаға қосылғанда, төбеміз көкке жетті. Ол біздің жанкүйерлерге клуб сапында жүріп, көптеген қуаныш сыйлады.

Бүгін біз Кевинге барлығы үшін рахмет айтып, оған тек сәттілік тілейміз. Осыдан соң, Дюрант киген 35-інші нөмірді енді «Уорриорздың» бірде-бір ойыншысы иеленбейді», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

«Годен Стэйттегі» үш жылында Дюрант өз командасын қос мәрте чемпиондық атаққа қарай сүйреді және екеуінде де финалдық серияның MVP-і атанды.