Біз туралы

Setanta Qazaqstan – Ағылшын Премьер-лигасының матчтарын Қазақстандағы жанкүйерлерге ресми ұсынатын арна.

Тікелей эфирде заманауи футболдың ең жарқын сәттерін тамашалаңыздар. «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль», «Челси» мен «Манчестер Юнайтед», «Арсенал» және «Тоттенхэм» сияқты жұлдызды клубтардың өнеріне куә болыңыздар!

Setanta Qazaqstan телеарнасы Setanta Sports спорттық арналарының тобына енеді. Setanta Sports 1, Setanta Sports 2, Setanta Qazaqtsan арналары жылына 1000-нан астам эксклюзивті тікелей трансляциялар таратады. Ағылшын Премьер-лигасынан бөлек, Испания Ла Лигасы, Италияның А сериясы, Германия Бундеслигасы, Франция чемпионаты, Ағылшын лигасының кубогі, Ұлттық хоккей лигасы мен Ұлттық баскетбол қауымдастығының матчтры, UFC, Формула-1, ATP 250 сериялы теннис турнирлері және Мастерс санатындағы жарыстар секілді көптеген спорттық шараларды көрермендеріне ұсынады.

Setanta спорттық арналар тобын еліміздің барлық жерсеріктік, кабельдік және мобильді операторлар арқылы көре аласыздар.