В. Уильямс 15 жасар Гауффтан жеңілуі жайында: «Қарама-қайшылық байқалды»  

Уимболдонның жекелей сын бойынша бес дүркін жеңімпазы 39 жастағы америкалық Винус Уильямс өзінің 15 жасар отандасы Кори Гауффтың көрсеткен тамаша ойынына жоғары баға берді. Айта кетейік, «Үлкен дулыға» көгалды турнирінің алғашқы айналымында ол қос сеттің қорытындысы бойынша қарсыласынан 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалған еді.  .

«Ол тамаша ойнады. Ал, мен – айтарлықтай жақсы емес. Қарама-қайшылық байқалды. Оның керемет ойынын көргенім үшін қуаныштымын.

Матчтан соң, оған «жарайсың» деп, сәттілік тіледім. Оның ойыннан ләззат алып, өмірден рахат сезінуі маңызды. Бүгін ол барлығын тамаша жасады. Маған қарағанда, шабуылда анағұрлым дәлдік танытты. Допты ойынға сәтті қосты, кортқа суда жүзген балықтай көрініс берді. Ол керемет матч өткізді.

Менің алдағы жоспарым? US Open Series-ды тағатсыздана күтемін», — деген Уильямстың сөзін «Чемпионат» тілшісі Анастасия Романова жеткізді.

Екінші айналымда Гауфф Словакия елінің теннисшісі Магдалена Рыбариковамен күш сынаспақ.