Ферстаппен Аустрия Гран-приіндегі жеңісін сақтап қалды

Стюардтар «Ред Буллдың» голландиялық шабандозы Макс Ферстаппен және «Феррари» өкілі Шарль Леклер арасындағы жарыстың соңғы айналымында өткен инцидентті мойындап, кезең жеңімпазы Ферстаппенді жазалаудан бас тартты.

Макс Леклерді жеңіс үшін таласта басып озғанымен қатар, қарсыласын шектеуге өте өрескел әдіспен итеріп жіберіп, салдарынан көліктер дөңгелегі соқтығысты.

«Стюардтар бейнекуәгерден анықтау барысында №33 көлік пилотының (Макс Ферстаппен), №16 көлік шабандозы (Шарль Леклер) және команда өкілдерінің айтқан сөздерін тыңдап, мынадай шешім қабылдады.

№33 көлік №16 көлікті 69-шы айналымдағы үшінші бұрылыс кезінде жасаған тежеуі сәтінде басып озуға тырысқан. Шабуыл уақытында №33 көлік бұрылыс жақтағы кіреберісте №16 көлікті жанымен (қаптал) кұтіп алған. Пилот ішкі радиус бойынша басып озуды мақсат тұтып, толықтай автокөлікті басқарып отырды.

Дегенмен, қос көлік те бұрылысты қабырғалас кейіпте еңсеруге тырысқан. Алайда қос темір тұлпар үшін кеңістік жеткіліксіз екендігі анық көзге ұрып тұрды. Көп ұзамай кеш келген апекс салдарынан, бұрылыстан шығу барысында екі көлік арасында соқтығыс болды. Барлық шарттарды ескере отырып, аталған шабандоздардың бірі толықтай немесе басым кейіпте осы жайт үшін жауапкершілікті мойындарына алуға тиіс емес деп ойлаймыз. Бұл жарыс барсындағы инцидент деген пікірдеміз», – делінген стюардтар шешімінде.