Әлемнің экс-бірінші ракеткасы: Джоковичтың Уимболдонды жеңетініне сенімдімін

«Үлкен дулыға» турнирінің жеті дүркін жеңімпазы және әлемнің экс-бірінші ракеткасы швециялық Матс Виландер Уимболдонның ерлер бағамындағы жекелей сынын қорытындылауда болжам жасап көрді.

«Турнир басталмай тұрып, финалда кімдер өнер көрсететіндігін болжап айту қиын. Новак Джокович – басты фаворит. Оның ізін ала Роджер Федерер орналаспақ. Ондағы мүмкіндікті Рафаэль Надальдан жоғары қойдым. Дегенмен екі-үш матчтан соң, ақпаратқа кеңірек қол жеткіземіз. Қазір барлығының денсаулығы жақсы ма, ол жағы белгісіз.

Қандай жағдай болмасын, Джоковичтен өзі үнемі Уимболдонда көрсететін таңғажайып ойын күтемін. Новак турнирге өзіндегі үздік қалыппен келіп, титулды жеңетініне сенімдімін. Ол Франциядағы Ашық чемпионатта тамаша қырынан танылғанымен, арты сәтті аяқталмады. Мұның Новакқа ешқандай кері әсері тигізбейді деп ойлаймын», – дейді Виландер Tennis World USA баспасында.