1/8-финалда кездескенше

Желтоқсанның 12-нен 13-не қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасында топтық кезеңнің соңғы матчтары ойналды. 

Бұл түннің ең жарқын сенсациясы мадридттің «Реалының» өз алаңында мәскеулік ЦСКА-ға 0:3 есебімен ойсырай ұтылуы болды. Аталмыш матчта ресейлік команда сапынан Федор Чалов, Георгий Щенников және Арнор Сигурдссон гол соқты. Бірақ бұл жеңіске қарамастан ЦСКА еуромаусыммен қош айтысты. Олар өз квартетінде соңғы орында қалды.

Өйткені үшінші орынға өз алаңында «Романы» 2:1 мен ұтқан чехиялық «Виктория Плзень» тұрақтады.

Тағы бір күтілмеген жағдай «Ювентустың»  «Янг Бойздан» алған жеңілісі болды. Есеп 1:2. Басқа нәтижелерден  «Аякстың»,  «Бавариямен» тең ойәынын (3:3), «Валенсияның»,  «Манчестер Юнайтедті» ұтуын  (2:1), Сондай ақ  «Бенфика» мен «Манчестер Ситидің» тиісінше АЕК (1:0) пен «Хоффенхаймды» (2:1) ұтқандарын айта кету керек.  «Шахтер» мен «Лион» тең ойнады (1:1).

Сонымен, EFG және Н топтарынан 1/8-финалға «Бавария», «Аякс», «Манчестер Сити», «Лион», «Реал Мадрид», «Рома», «Ювентус» және «Манчестер Юнайтед» жолдама алды.

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі дүйсенбі, 17-желтоқсанда өтеді.