«Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» соңғы сәттерде плей-офф жолдамасына ие болды

Желтоқсанның 11-нен 12-сіне қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасында топтық кезеңнің соңғы турының матчтары ойналды. 

Өткен турдағы ең қызықты матч «Ливерпуль» мен «Наполи» арасында өрбіді. Сондай ақ «Барселона» мен «Тоттенхэм»  матчты да аса қызығушылық туындатты. Өйткені тура осы ойындарда ағылшындық клубтар 1/8-финал жолдамаларын сарапқа салған болатын.

«Энфилдтегі» матч 1:0 мен қызылдар пайдасына шешілді. Жалғыз голды Мохамед Салах 34-минутта соқты. Бұл жеңіс Юрген Клопп шәкірттерін турнирдің көктемгі кезеңіне шығарды. Ал “Наполи” жарысты Еуропа лигасында жалғастырады.

В тобында екінші жолдамаға «Тоттенхэм» мен «Интер» үмітті болған. Лондондықтар «Барселонамен»,  «Камп Ноуда»  тең ойнады. және Миландағы матчтың нәтижесін күтті. «Нерадзурри» мұндай мүмкіндікті пайдалана алмады. Олар ПСВ-мен 1:1 есебімен тең ойнады. Енді Лучано Спалетти командасы да Еуропа лигасында бақ сынайды. Ал «Тоттенхэм» еуропаның басты турниріндегі жорығын жалғастырмақ.

Басқа нәтижелерден «Брюгге» мен «Атлетиконың» тең ойынын айта кету керек (0:0). «Боруссия»  сырт алаңда «Монаконы» ұтты (0:2). Сондай ақ ПСЖ, «Шальке» және «Порту» тиісінше «Црвена Звезда» (1:4), «Локомотив» (1:0) және «Галатасарайды» (2:3) жерге қаратты.

Сонымен 1/8-финалға «Боруссия Д», «Атлетико», «Барселона», «Тоттенхэм», ПСЖ, «Ливерпуль», «Порту» және «Шалькелер» жолдама алды.