«Стэнли Кубогы әжетхана немесе итаяқ емес. Оған бұлай қарауды доғарайық»
The Hockey News баспасының америкалық журналисті Кен Кэмпбелл «Сент-Луис Блюз» шабуылшысы Робби Фаббридың іс-әрекетіне наразылығын білдірді. Яғни, спортшы өз итін Стэнли Кубогына спагетти салып, тамақтандырған.










