ҰХЛ 2019-2020 жылға арналған күнтізбені жариялады

Ұлттық хоккей лигасының 2019-2020 жылға қалыпты маусымы қазанның 2-сі күні бастау алмақ. Алғашқы матчта «Сент-Луис» өз айдынында «Вашингтонмен» күш сынасады. Бұл жайында ҰХЛ ресми сайты хабарлады.

Осы жекпе-жектен бөлек, алғашқы ойын күнінде «Оттава» «Торонтоға» қонаққа барса, «Эдмонтон» «Ванкуверді» қабылдамақ. Ал «Вегас» болса, өз айдынындағы матчын «Сан-Хосеге» қарсы өткізбек.

2019 жылғы ҰХЛ-ның Global Series турниріне төрт бірдей команда ат салысып, Еуропада бақ сынайды. «Чикаго» мен «Филадельфия» қазанның 4-і күні Прагада (Чехия) матч өткізеді. «Баффало» мен «Тампа-Бэйдің» қос ойында жолдары Стокгольмде (Швеция) жолдары түйіспек. Кездесулер 8-ші және 9-шы қарашада өтеді.

«Қысқы классиканы» қазанның 26-сы күні «Калгари» мен «Виннипег» өзара сарапқа салмақ. Матч Реджайнада (Канада) өтетіндігін айта кетейік.

Қаңтардың 23-26 аралығында қалыпты чемпионатты жұлдыздар матчы бөле тұрады. Ол Сент-Луис қаласында ұйымдастырылмақ.

15-ші ақпан күні «Колорадо» «Лос-Анджелосты» қабылдайды. Матч АҚШ әскери-әуе күштері академиясының стадионында ашық аспан астында өтеді.

2019-2020 жылғы қалыпты чемпионат 4-ші сәуір күні өз мәресіне жетеді.