«Монреаль» Эндрю Шоуды «Чикагоға» үш драфт-пикке ауыстырды

«Монреаль Канадиенс» шабуылшы Эндрю Шоуды «Чикаго Блэкхокске» алмастырды, деп хабарлайды канадалық клубтың ресми сайты.

«Канадиенс» драфт-2020-ның екінші және жетінші раунды мен драфт-2021-дің үшінші раундында таңдау жүргізуге мүмкіндік алды. «Чикаго» Шоудан бөлек, 2021 жылғы драфттың жетінші раундында таңдауға қол жеткізді.

«Монреалдағы» үш маусымында 27 жастағы Шоу 182 матч өткізіп, 41 шайба соққан және 96 ұпай еншілеген. Биылғы маусымда форвард қалыпты чемпионаттың 63 матчына ал салысып, «+16» пайдалылық көрсеткішіне ие 48 (19+27) ұпайды қанжығалады.

Шоу «Блэкхокстың» намысын 2011-ден 2016 жылға дейінгі аралықта қорғап үлгерген. «Монреальға» ауысым нәтижесінде келіп қосылды. Шоу «үндістер» сапында Стэнли Кубогының қос дүркін чемпионы атанды (2013, 2015).