2022-жылғы әлем чемпионатының бірқатар матчтары Катардан тыс елдерде өтуі мүмкін

ФИФА президенті Джанни Инфантино – егер әлем чемпионатына қатысатын командалар саны 32-ден 48-ге дейін өсетін болса, бірқатар матчтар Катармен көршілес елдердің аумағында өтеді – дегенді айтты.

«Катарда сегіз стадион бар. Олар 32 команданың қатысуымен өтетін турнирге дайындалып жатыр. Әрине 48 команданың қатысуымен өтетін турнирді сегіз стадионда өткізуге мүлде болмайтындығын білу үшін, Эйнштейн болудың қажеті жоқ. демек қосымша матчтар болатын болса, онда көршілес елдерді де атсалыстыруға міндеттіміз. Әрине бұл қосымша қиындықтар туындатады. Бірақ бұл сұрақты бәрібір шешу қажет болады.

Мүмкін футбол достықтың көпірі шығар. Катардың көршілес елдермен қарым қатынасының ауырлығы, үлкен мәселе. Бірақ басқа жағынан келер болсақ, қандай ауыр дипломатиялық байланыс болғанына қарамастан футбол тақырыбында барлығы бір-бірімен сөйлесе бертіндігі анық», — дейді ФИФА басшысы.