Ибрагимович «Миланмен»  жарты жылдық келісім шартқа қол қойды

«Лос-Анджелес Гэлакси»  шабуылшысы Златан Ибрагимович «Миланға» оралуға тағы бір қадам жақындай түсті. Ол бұл командада 2010-2012 жылдар аралығында өнер көрсеткен болатын. 

Football Italia Sport Mediaset-ке сілтеме жасап хабарлағандай, швед футболшысы алты айға созылатын келісім шартты россонери басшыларымен келісіп қойғанкөрінеді. Оның қортындысы бойынша, 37-жасар шабуылшы € 2,2 млн жалақы алады.Бұл ретте келісім-шартта тағы бір жылға автоматты түрде созылатын опция қосылған ба, жоқ па, ол жағы белгісіз.
Бұл ретте Ибрагимовичте  «Лос-Анджелес Гэлаксимен» де келісім шарт бар екендігін айта кету керек. Ол тағы бір жылға жалғасады. Демек, «Миланға»  әлі американдық клубпен келісу керек болады.