Формула-1-де қос бірдей жаңа команда пайда болуы ықтимал

Формула-1-дің 2021 жылғы маусымында екі су жаңа команда қатарға қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Формула-1 шолушысы Джо Сейвард Motorsport Week-тағы өзінің жеке блогында.

Сейвардтың ақпараты бойынша, осындай жобалардың бірінің басында «Манораның» бұрынғы жетекшісі Грэм Лоудон тұр. Ал екіншісін «Супер Агуридың» экс-басқарушы директоры 76 жастағы Даниэле Аудетто тізгіндеуде. Аудето жаңа командамен үнемі байланыста болмайды деп күтілуде. Дегенмен, жоба авторлары үшін шара өткізуге дайын. Екінші серпінді команданың артында кім тұрғаны әзірге нақты белгілі емес.

Қазіргі уақытта Формула-1 ережесі серпінді жаңа командалардан 20 млн доллар кепілдік төлеуін сұрауда және алғашқы қос маусымда жүлделерге ілінбеуін қадағалауда.