С. Уильямс: «Федерермен үш жылдан соң, әлі де ойнай береміз дегенге сенбеймін»

«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін жеңімпазы америкалық теннисші қыз Серена Уильямстың айтуынша, өзі және 20 мәрте мэйджор чемпионы швейцариялық Роджер Федерер үш жылдан кейін, мансаптарын аяқтамақ. Екеуінің де жасы 37-де.

«Көрермендер Роджер екеумізді Уимболдонда жылы шыраймен қолдады ма дейсіз бе? Мен қолдау мен махаббатты сезіндім. Мұны бағалаймын. Финалда одан да үздік өнер көрсеткім келген. Симона мұны қалады деп айта алмаймын…

Роджермен бірге үш, төрт, бес жылдан соң, әлі де ойнай береміз дегенге сенбеймін. Ойланып, шешім қабылдайтын уақытқа да келдік деген ойдамын», – дейді Уильямс Tennis World USA баспасында.

Серена кортқа Торонтодағы турнирде қайта оралмақ. Одан соң, Цинциннатиде бақ сынайды.

Өткен Уимболдонда Уильямс пен Федерер финалға дейін сүрінбей жетті. Серена мұнда румыниялық Симона Халепке жол берсе, Роджер сербияық Новак Джоковичке есе жіберді.