IBF Альваресты титулынан айыруы мүмкін

IBF басшылығы Сауль Альваресты әлем чемпионы деген титулдан айыру нұсқаларын қарастыруда, деп хабарлайды BoxingScene.

Мексикалық осы тұжырымдағы бұл белдікке қол жеткізу үшін Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізгеннен соң, ұйым өкілдері Саульге енді атағын қорғау үшін Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуды ұсынуда. Канело командасына тиісті хабарландыру келгенімен, оған бұл тараптан әзірге жауап келмеді.

Егер Альварес келесі жекпе-жегін IBF белдігіне үміткер боксшымен өткізбесе, титулынан айрылмақ. Егер осындай жағдай орын алса, вакантты белдік үшін дәл сол Деревянченко мен орта салмақтағы әдемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин өзара таласпақ. Соңғысы бұл белдікке бұрындары қожалық етіп, міндетті етілген қорғаудан бас тартқаны үшін айрылған еді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы өткен кездесуінде Стив Роллсты нокаутпен жеңсе, Сергей Деревянченко Джек Кулкайды тізерлеткен соң, бұл белдікке үміткер атанды.