Кидд — ҰБҚ бапкерінің ең көп табысы мол көмекшісі

«Лос-Анджелос Лейкерс» бас бапкері Фрэнк Вогельдің көмекшісі Джейсон Кидд өз амплуасындағы ең табысты маман, деп хабарлайды Clutch Points. Әйткенмен, Кидд келісімшартында жазылған айлық мөлшері нақты айтылмаған.

Кидд калифорниялық команданың бапкерлік құрамына 2019 жылдың мамырында ұжым тізгінін Фрэнк Вогель ұстаған сәтте келіп қосылды. Кидд қорғаушы Лонзо Болланың дамуына әсер етеді деп күтілген.

Сондай-ақ, маман «Лейкерске» «Милуоки Бакс» форварды Яннис Адетокунбоны еліктіру үшін алынды деген әңгімелер де шыққан.

Киддтың осыған дейінгі жұмыс орны «Милуоки Бакс» болатын. Джейсон висконсиналық команданы төрт маусым көлемінде баптап келді. Киддтың бапкерлік мансабында «Бруклин Нетстағы» қызметі де көрініске ие. Қалыпты чемпионатта жаттықтырушы ретінде ол 373 матч өткізіп, 183 жеңіске қол жеткізген.