Джокович туған күнінен жиналған ақшаға Сербияда балабақша салмақшы

Әлемнің бірінші ракеткасы сериялық Новак Джокович өзіндегі қайырымдылық қордың сәтті жұмысын тілге тиек етті.

22-ші мамыр күні тойлаған өзінің 32 жасқа толу қарсаңында ол құттықтағысы келген жанкүйерлерден ақша аударуын өтінген. Бірақ бұл қаражат жеке Новактың пайдасына емес, қайырымдылыққа жұмсалмақ. 32 мың еуро жиналады деп жоспарланған.

Джокович өзінің «Инстаграмына» ақша аударған барлық ерікті жандарға және олардың шабыттандырар пікірлеріне алғысын білдірген бірнеше сторис салды. Сербиялық теннисшінің сөзінше, 32 мың еуро жинай алған. Бұл қаражат Сербияда балабақша салу мақсатында құрылысқа жұмсалмақ

Джокович әйелімен бірге тағы да қосымша материалдық көмек көрсетпек. Кезекті 32 мың еуроны өздері бөлуі бір ғана емес, Джоковичтың отанында қос бірдей балабақша тұрғызуға жетіп жатыр.