14 сәуірде америкалық гольфші Тайгер Вудс Огастадағы US Masters турнирінде жеңімпаз атанды.
Соңғы рет Вудс ұтысты 2005 жылы тойлаған. Жалпы америкалық «Мастерсті» 5 рет ұтты: 1997, 2001, 2002, 2005 және 2019 жылдары. US Masters – гольфтағы ең маңызды төрт турнирдің бірі.
Екі жыл бұрын Тайгер әлемдегі рейтингіде 1199-шы еді. Спортшы көптеген жарақаттарына және психикалық денсаулығының нашарлауына байланысты жарыстарға аз қатысып жүрді.
Қазір 43 жасар Вудс Кәсіби гольфшілер қауымдастығында 12-ші орында.

