«Ливерпуль» – «Челси» Setanta Qazaqstan тікелей эфирінде

Бүгін «Энфилд» стадионында Ағылшын Премьер-Лигасының 34-і туры аясында «Ливерпуль» – «Челси» кездесуі өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да.

Осыдан бес жыл бұрын мерсисаидтықтар «көктерге» жол беріп, чемпиондықтан үміт үзген еді – титулды «Манчестер Сити» иеленді. Бұл жолы «Ливерпуль» тағы сүрінер ме екен? Ойынға Setanta Qazaqstan арнасында куә болыңыздар. Комментаторлар – Сергей Райлян мен Ержан Көшкінбаев.