Моуринью: Салахты сатуға шешім қабылдаған мен емес, «Челси»

«Челсидің» бұрынғы бас бапкері Жозе Моуринью 2015 жылы Мохамед Салахтың  «Ромаға» сатылуының мән-жайын айтып берді. 

«Бұл трансфер маңында көптеген сыбыстар мен өске сөздер жүрді. Адамдар, Салахты сатқан мен деп көрсеткісі келеді. бірақ оны сатып алған мен емеспін бе? Оны мен  «Базельге» қарсы матчта байқап, командаға алуға ұсыныс жасаған болатынмын.

Бізде ол кезде Азар мен Виллиан болды. Бірақ мен бұл трансфердің орын алуын талап еттім. Ал сатылым мәселесіне келер болсақ, мұндай шешімді мен емес, клуб қабылдады», — дейді Моуриньо.TribalFootball.

Салах өткен жылы «Ливерпуль» сапында АПЛ-ның үздік сұрмергені атанды. Ол 36 матчта 36 гол соқты. Ал биыл ол бірінші орынды  Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал») және Харри Кейнмен («Тоттенхем Хоттспур») бөлісіп тұр. Барлығында 14 голдан бар.