ҰХЛ 2020 жылы әлем кубогін өткізбейді

Ұлттық Хоккей Лигасы мен ҰХЛ ойыншылар қауымдастығы 2020-жылдың күз айында әлем кубогін өткізбейтіндіктерін жариялады. 

«Лига мен ойыншылар қауымдастығы Торонтода тағы бір келіссөздер кездесуін өткізді. Оның қортындысы бойынша екі жақ 2020-жылдың күз айында әлем кубогін өткізбейтін болып келісті. Алайда диалог ары қарай жалғасады. Бұл келесі әлем кубогін халықаралық күнтізбеге енгізу мақсатында орын алмақ», – деп мәлімдеді ҰХЛ.

2019-жылдың күз айында лига мен одақ өзара келісімдері қай уақытқа дейін созылатындығы туралы кездесу жасайды. Оның шешімі бойынша екі жақ та 2020-жылы бұл келісім аяқталуы керек деп келісуі керек. Егер мұндай орын алса, келісім тағы екі жылға жарамды болып, 2022 жылға дейін созылады. Ал қос тарап бір жақты шешімге келе алмаған жағдайды 2020-жылдың күз айында локаут орын алуы мүмкін.

Өткен жолы Әлем кубогі 2016 жылы Торонтода өтті. турнирді Канада құрамасы жеңіп алды.