Көп нәрсе соңғы турда шешіледі

Қарашаның 28-нен 29-ына қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасында топтық кезеңнің 5-турында қалған матчтар ойналды. 

сәрсенбінің басты матчы Парижде өтті. Мұнда жергілікті ПСЖ, «Ливерпульмен» бақ сынасқан болатын. ойын 2:1 есебімен париждіктердің пайдасына шешілді. Алаң иелері санынан Хуан Бернат пен Неймар гол соқса, қонақтар бұған Джеймс Милнердің добымен жауап берді. Ағылшындық клубтың жеңілуі олардың топтан шығу жағдайларын тым қиындатып жіберді.

Тағы бір шешуші матч «Тоттенхэм» мен «Интер» арасында өтті. Бұл топтағы «Барселона» плей-офф жолдамасын тур бұрын иеленіп қойған болатын. Ал екінші жолдама үшін тура осы екі ұжым өзара сынға түсуде. Матч лондондық клубтың жеңісімен аяқталды. Гол авторы  Кристиан Эриксен. Осы матчтан кейін «шпорлар» мен «нерадзурри» 7 ұпайдан жинап, өзара екінші орынды бөлісіп тұр. кімнің келесі кезеңге өтетіндігін біз соңғы турдан кейін білетін боламыз.

басқа да нәтижелерге келер болсақ, «Порту», «Шалькеден» басым түсті (3:1). Ал  «Наполи» өз алаңында  «Црвена Звезданы» қапы қалдырса (3:1), «Боруссии Дортмунд» пен «Брюгге» ойыны нөлдік нәтижемен тәмамдалды. «Барселона» сырт алаңда ПСВ-ны жеңді (1:2).  Ресейлік «Локомотив» болса, 2004-жылдан бері Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Олар өз алаңында «Галатасарайды» қапы қалдырды (2:0). Мадридтік «Атлетико» оп оңай «Монакодан» айласын асырды (2:0).