«Реал», «Ливерпуль» және «Атлетико» жылы клубы атануға үміткерлер

Еуропалық клубтар қауымдастығы мен еуропалық футбол агенттері қауымдастығы  Globe Soccer Awards-2018 тұжырымы бойынша жылдың үздік клубы атағына үміткерлерді анықтады. 

Үздік үштікке мадридтің «Реалы» (өткен жылғы жеңімпаз) және «Атлетико”, сондай ақ  «Ливерпуль» енді.

Бұдан басқа жылдың үздік бапкері атағына  Дидье Дешам (Франция құрамасы), Диего Симеоне («Атлетико»), Юрген Клопп («Ливерпуль»), Массимилиано Аллегри («Ювентус») және осы көктемде “Реалдан” кеткен  Зинедин Зидан үмітті.

Ал жылдың үздік ойыншысы атағына Криштиану Роналду («Ювентус»), Антуан Гризманн («Атлетико») және Килиан Мбаппе (ПСЖ) таласатын болады.

Марапаттау рәсімі 3-қаңтарда Дубайда өтеді деп күтілуде.