Давид Де Хеа әлемдегі жалақысы жоғары қақпашы атануы әбден мүмкін

«Манчестер Юнайтед» қақпашысы Давид Де Хеа өз мансабын Франция чемпиондары «Пари Сен-Жермен» сапында жалғастыруы мүмкі.

Daily Mail хабарлағандай франциялық клубтың басшылары өте тиімді қаржылай жағдай жасау арқылы испандық киперді қатарларына алуды көздеуде. 28 жасар футболшы ПСЖ қожайындарының келісімін қабыл алатын болса, төрт жыл ішінде € 67 млн (жылына € 17 млн-ға жуық, аптасына € 338 мың), еншілейді. Бұл оны ең жалақысы жоғары қақпашы етеді.

Ертеректе Де Хеа «Манчестер Юнайтедпен» келесі жылдың жазында аяқталатын келісім-шартын ұзартудан бас тартқанын хабарлаған болатынбыз. Сондай ақ БАҚ МЮ егер испандық кеткетін болса, оның орнын басатын қақпашыны тауып қойды деген ақпарат та таратты.