Мейвезер RIZIN турниріне қатыспайды

Атақты американдық боксшы Флойд Мейвезер желтоқсан айында өтетін  RIZIN турниріне қатысудан бас тартты. Бұл турнирде ол Теншин Насукавамен ММА ережесі бойынша кездесуі керек болатын. Флойд  бас тартудың себебін жарысты ұйымдастырушлардың оны алдамақшы болғанымен түсіндірді. 

«Біріншіден мен Флойд Мейвезер ешқашан Теншин Насукаваға кездесуге келісіміді берген емеспін. басында маған  RIZIN ұйымының бір қарсыласымен үш раундық көрмелік матч өткзуді ұсынды. Брент Джонсон маған -бұл өте үлкен адамдар үшін өткізетін көрмелік матч. сыйақысы да үлкен-дегенді айтты. доспарымыз бойынша осы көрмелік кездесу бүкіл әлем бойынша көрсетілуі керек еді. Ал баспасөз мәслихатында олар барлығын өзгертіп жібергеніне қатты таңдандық.нәтижесінде бәрін тоқтатуға мәжбүр болдық. Өз табынушыларымнан жалған жаңалықтар таратылғаны үшін кешірім сұраймын. Менің қатысуымсыз өткен келісімдердің бізді адастыруға арналғанын білген жоқпын. Мен мансабымды аяқтаған боксшымын.Енді әлемдегі түрлі шараларға қатысып ақша тауып жүрген адаммын-дейді Флойд.