Ферстаппен Аустриядағы Гран-приде күннің үздік шабандозы атанса, Кубицаның нәтижелері жоққа шығарылды

«Ред Булл» пилоты Макс Ферстаппен Аустриядағы Гран-при қорытындысы бойынша, күннің үздік шабандозы атанды.

Дауыс берудің алғашқы нәтижелері өз күшін жойды.

Кубицаның жеңісін Формула-1 баспасөз қызметі техникалық қателік деп түсіндірді. Дауыстарды қайта санағаннан соң, Ферстаппенның 74 пайыз жинағандығы анықталды. Екінші орында 11 пайызға ие «Феррари» шабандозы Шарль Леклер болса, үздік үштікті «Макларендік» кіші-Карлос Сайнс (7%) түйіндеп тұр.

Өткен жылы ғаламтор қолданушылары флешмоб ұйымдастырып, біріккен түрде Абу-Даби Гарн-приінде Сергей Сироткинаға дауыс беріп те көрді. Сол уақытта ресейлік дауыс беру қорытындысы бойынша, алдына Фермула-1-мен қоштасып жатқан Фернандо Алонсоны ғана өткізіп, екінші тұғырда қалды.