Нурмагомедов: «Егер Фергюсон менімен күш сынасқысы келсе, бастама білдіруі тиіс

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ұйымның бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсонмен жекпе-жек өтуі үшін өзіндік шартын айтты.

«Әрине, бізге онымен жұдырықтасуымыз қажет. Бірақ, білесіз бе, қарсыласты таңдайтын мен емес. Ешқашан да бұлай етіп көрмеппін. Олар Тониға уақытша титул үшін Холлоуэймен жекпе-жек өткізуді ұсыныпты. Алайда ол бас тартып, бір айдан соң, Дональд Серронемен кездесу өткізуді шешті. Уақытша белдікке Порье қол жеткізді және қазір ол шынайы белдік үшін міндетті түрде ұсынылуы тиіс үміткер.

Бұл мен бас қатыратын жайт емес. Құдайға шүкір, денім сау, жеңісті сериям сақтаулы. Бірде-бір жеңілісім жоқ және белдік те менде. Сондықтан, шартты қоятын – мен. Егер ол жұдырықтасқысы келсе, бастама білдіруі тиіс. Маған кіммен күш сынассам да, бәрібір», – дейді Нурмагомедов.