Харден өзін Джордан және Абдул-Джаббармен салыстырды

«Хьюстон Рокетс» шабуылдаушы қорғаушысы Джеймс Харден өзіне тән жеке қимыл әрекеті жайында әңгімелеп берді.

«Өзімдегі степ-бэк Карим Абдул-Джаббардың «әуе ілмегі» мен Майкл Джорданның ауытқып барып лақтырым жасайтын әрекетімен бір деңгейге көтерілді деп ойлаймын.

Қазір степ-бэкті барлық жерден байқауға болады. Әсіресе, мұны балалар көп қолданады. Олардағы ойдың ұшқырлығы өткірлеу және сіз мұндайды әуесқой баскетболда ешқашан куә болмағандай әдіспен орындайды.

Маған қатты ұнайды. Бұл мені залға қайта оралуға итермелеп, ойынға деген өзіндік әсерімді тигізе беруім үшін жаңа қимылдарды барынша молынан дүниеге әкелуімді талап етеді», – дейді Харден Clutch Points баспасында.

Джеймс Харден Ұлттық баскетбол қауымдастығы қалыпты чемпионатының биылғы маусымындағы ең нәтижелі ойыншысы атанды. 29 жастағы баскетболшының орташа көрсеткіші – 36,1.