Альваресті Головкинмен жекпе-жек қызықтырмайды, ол Ковалевпен кездесуді қалайды

WBC, WBA Super және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинмен кездесу өткізуді көздемейдді. Мексикалық WBO нұсқасындағы орта салмақ чемпионы Деметриус Андрадемен немесе дәл осы тұжырымдағы жартылай ауыр салмақтан әлем чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жек ұйымдастыруды қалайды. Бұл жайында спорт шолушысы Майк Коппинджер өзінің «Твиттер» әлеуметтік желісінде хабарлады.

Канелоның келесі жекпе-жек уақыты анықталды – 14-ші қыркүйек. Осыған дейін белгілі болғандай, Сауль мен Головкин арасындағы үшінші кездесуді ұйымдастыру барысында мәселелер тап болған. Себебі, Головкин Альварес ұсынған шарттан бас тартқан. Яғни, жекпе-жекті Лас-Вегаста өткізуді қаламады.

Ал Ковалев нұсқасына тоқталар болсақ, ресейлік спортшы күзде титулға ресми үміткер Энтони Ярдпен күш сынасады деп күтілуде. Бірақ бұл кездесуді ұйымдастыру барысында да мәселелер туындаған.