Феттель: Хэмилтон бізбен бірге ойнайды

«Феррари» пилоты Себастьян Феттель «Мерседеспен» мүмкін болар теке-тірес жөнінде пікір білдірді. Неміс спортшысының ойынша, «Күміс жебелердің» басымдылығы Франциядағы Гран-придің соңғы айналымында ерекше білінді.

«Жылдам айналым жасау үшін тәуекелге бардым. Сол уақытта Хэмилтон да тура сондай нәтижені ескірген, әрі көбіктенген дөңгелектермен-ақ көрсетті. Қане, өзімізді алдауды қояйық. Льюис бізбен бірге ойнайды. Ал Франциядағы кезеңге тоқталар болсақ, егер біздің мақсат «Мерседестен» қалық ұпайды қысқарту болса, онда біздің бұл қолымыздан келді», – дейді Феттель Blick баспасында.

Әлем чемпионатының сегізінші кезеңінен соң, «Мерседес» құрастырушылар Кубогы есебі жағынан болсын, жекелей сында да болсын, толықтай басымдыққа ие. Хэмилтон өзін өкшелеп келе жатқан қарсыласынан 36 ұпайға алшақ. Ал «Мерседестің» «Феррариден» ұпай айырмашылығы – 140.