Вольф: Хэмилтонның әлемдегі ең мықты шабандоз екендігін адамдар түбінде ұғады

«Мерседес» жетекшісі Тото Вольф Льюис Хэмилтонды Ұлыбританияда лайықты бағаламайды деп санайды. Дегенмен, оның айтуынша, Льюис мансабын аяқтаған соң, барлығы оның тарихтағы ең мықты шабандоз болғандығын мойындарына сенеді.

«Ұлыбританияда Льюис Хэмилтонды лайықты бағаламайды. Оның қаншалықты мықты екендігін түсінбейді де. Күндердің күнінде мансабын аяқтаған соң, олардың барлығы оның әлемдегі ең тегеурінде шабандоз болғандығын айтады. Ал біз оның ақылға сыймас жетістіктеріне куә болдық.

Неліктен екендігін ұқпаймын, бірақ қазіргі уақытта талқыға түскен сұрақ өзге және бірден көзге ұратын тақырыптарға толы. Автоспорт тарихындағы ең үздік шабандоздың өнеріне куәгер болып жүргендігімізді соңына дейін біреу-міреу ұғады ойламаймын», – дейді Тото Вольф BBC-де.

Хэмилтон маусым соңына дейін Михаэль Шумахердің жеңістер саны бойынша рекордын жаңартуға мүмкіндігі басым.