Джеррард: «Ливерпульде» ойыным жүрмеген сәттен бастап, өмірімнен мән кетті

Шотландиялық «Рейнджерс» жаттықтырушысы Стивен Джеррард команданың бас бапкері атанған тамаша екендігін және «Ливерпульді» клубтан кеткен соң, сағынғандығын мойындады.

«Шешім қабылдар сәтімде, ақша мен үшін маңыздылыққа ие емес. Жұмысымның алғашқы жылы өзіме ұнады, мұнда бақыттымын. Қазіргі уақытта командамды жаңа деңгейге көтеруге тырысудамын. Дәл осы мақсатқа өз қызметкерлеріммен ден қойдық. Осында амбицияға толы, әрі жеңіске аш күйде келдім. Дами түскендігімізді мақтан етемін. Дегенмен, тоқтап қалмаудың да қажет екендігін ұғамын.

«Ливерпульде ойыным жүрмеген кезең ақыры келген сәтте, өмірімде бос кеңістік пайда болғандай еді. Жалған сөйлеп тұрғаным жоқ, клубтағы ойынымды сағындым. Қанша ұжымды тізгіндегім келетіндігін айта алмаймын, бұл болашақтың еншісіндегі дүние. Бар айтарым, «Рейнджерсте» бақытты күйдемін», – дейді Джеррард Daily Record баспасында.