Аргентина шабуылшысы Пауло Дибала Турин клубынан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы итальялық журналист Адама Дигби хабарлады.
Бұған себеп командаға Криштиану Роналдудың келіп қосылғаны болуы мүмкін. Роналду келгелі, команда 4-3-3 сұлбасына көшті. Салдарынан Пауло алаңға аз шығып жүр. А сериясының 2018/2019 маусымында ол 30 кездесу өткізді. Оның 24-і негізгі құрамда. Дибала 5 гол соғып, 4 гол пасын шығарды.

