УЕФА: Чемпиондар Лигасына қандай бір өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстар жоқ

Еуропа Футбол Қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Чемпиондар Лигасын реформалау туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

«Соңғы кездері Ресей баспасөз беттерінде қисынсыз мақалалар саны көбейіп кетті. Біз осы сәтті пайдалана отырып мәлімдеме жасағымыз келеді. УЕФА чемпиондар Лигасында қандай да бір өзгерістер жайында сөз болмағанын хабарлайды», – делінген УЕФА мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Spiegel сұхбатында УЕФА президенті Александер Чеферин осы мәселе бойынша өз пікірімен бөлісті: «Егер пікірімді айтсам, меніңше, өзгерістің қажеті жоқ. Футбол – қазіргі таңда Әлемде теңдессіз жалғыз еуропалық өнім. Чемпиондар Лигасы – ғаламат турнир. Оның танымалдылығы күн санап артуда. Тіпті біздің футболды Қытай мен АҚШ-та да ел сүйсініп көреді».