Кавай Леонард: Коби Брайант, Шакил О’Нил, Майкл Джорданнан біраз нәрсені үйрендім

«Торонто Рэпторстың» жеңіл форварды Кавай Леонард матч кезінде алаңқайда жасайтын ерекше іс-қимылдарын кімнен үйренгендігін айтып берді.

«Коби Брайант, Шакил О’Нил немесе Майкл Джорданның ойындарын көрген сәтімде, олардың өз артықшылықтарын паш ететіндігін байқадым. Маңызды лақтырыс жасаған сәтте де, олар жай ғана, жұдырықтарын түйіп немесе қосалқы құрамға қарай қадам басатын. Сондықтан, осындай әрекеттер қалыпты дүние деген ой түйдім. Одан бөлек, бұл менің өзіндік мәнерім. Матч немесе серияны қалай жеңіспен аяқтаймыз, өзімдегі эмоцияның толықтай шығуына мүмкіндік беремін. Бірақ қазір алаңқайда болғандықтан, ұстамды және салқынқанды болуды жөн санаймын», – дейді Леонарда Clutch Points баспасында.

«Торонто» мен «Голден Стэйт» арасындағы ҰБҚ плей-оффының финалдық сериясы 1:1 есебімен тең.