Марадона: Егер МЮ бапкерге мұқтаж болса, оған көмектесе алатын бірден-бір жан, ол – мен

Қазіргі уақытта мексикалық «Дорадос» клубын тізгіндеп жүрген Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы Диего Марадона «Манчестер Юнайтедті» жаттықтырғысы келетіндігін айтты.

«Егер «МЮ» бапкерге мұқтаж болса, оған көмектесе алатын бірден-бір жан, ол – мен. Иә, әлемнің түкпір-түкпіріне өз жейделерін сататындығын білемін бұл ұжымның. Дегенмен, трофей де қажет қой. Мен мұны «Манчестер Юнайтед» үшін жасай аламын».

«Осымен қаншасыншы жыл, «Манчестер Юнайтед» – менің ең сүйікті ағылшын командам. Фергюсон кезінде құрамында мықты ойыншылар өте көп болды. Тамаша команда еді. Бірақ қазір мен таңдауды «Манчестер Ситиге» аударуға мәжбүрмін. Иә, өз пікірімді өзгертпеуім қажет. Дегенмен, мұным Агуэро үшін. Біз үнемі оның жақсы командада ойнайтындығын айтамыз», – дейді Марадоны FourFourTwo баспасында.