«Рокетс» қожайыны: ҰБҚ-ның үздік командасы ғана емес, чемпион болғымыз келеді

«Хьюстон Рокетс» қожайыны Тилман Фертиттаның айтуынша, маусымаралық үзілісте клуб мықты бола түсу үшін қолдан келгеннің барлығын жасап бағады.

«Біздегі ұйымның көздегені мынау: егер мынадай құраммен чемпион атанарыңды білсең, неліктен төртінші немесе үздік командалардың бірі болуымыз шарт? Бұл менің плей-оффтан сүрінген сәттегі айтқан сөзім.

Барлығын күшейтуге дайынбыз. Бұл бапкерлік штабқа да, құрамға да қатысты. Бірақ өзгеріс үшін барлығын өзгертудің де қажеті шамалы. Қанадй позицияны мығым ету керек екендігін нақты біліп алғанымыз жөн», – дейді Фертитта Houston Chronicle баспасында.

«Хьюстон» қалыпты чемпионаттың биылғы маусым қорытындысы бойынша, Батыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші тұғырда аяқтады. Ал плей-оффта екінші раундқа дейін ғана ұзап, мұндағы алты ойында «Голден Стэйт Уорриорзға» есе жіберіп қойды.