Ники Лаудамен қоштасу рәсімі 29-шы мамыр күні Венада өтеді

Әлемнің үш дүркін чемпионы Ники Лаудамен қоштасу рәсімі 29-шы мамыр күні өтеді, делінген Osterreich баспасында, бұрынғы шабандоздың отбасы мүшелеріне сілтеме жасай отырып.

Венадағы Қасиетті Стефан шіркеуінде Лаудамен қоштасу үшін түске дейін кім қалаған келіп қосыла алады. Артынша, отбасы мүшелеріне арналған жабық рәсім өтпек. Осыдан соң, 20-шы мамыр күні өмірден озған Лауда Венадағы өзінің анасы жерленген орталық зиратқа жер қойнына тапсырылмақ.

Ардагер спортшы паддокта шамамен бір жыл бойы қара көрсетпеді. 2018 жылдың тамызы күні ауыр инфекцияға шалдығып, нәтижесінде өкпесі зақымданғандығы анықталды. Лауда Испания Гран-приінде паддоктан көрініс береді деп күтілген. Бірақ денсаулығындағы кезекті кінәрат мұның орындалуына жол бермеді.