ҰБҚ 2018/19 жылғы маусымның жаңа ойыншыларынан құралған символдық бестігін атады

ҰБҚ басшылығы маусымның жаңа ойыншыларынан құралған үздік бестік тізімін жариялады. Оның құрамына «Атланта Хоукс» қорғаушысы Трэй Янг, «Даллас Маверикс» шабуылдаушы қорғаушы Лука Дончич, «Мемфис Гриззлиз» жеңіл форварды Джарен Джексон, «Сакраменто Кингз» ауыр форварды Марвин Бэгли және «Финикс Санз» ортаңғы шеп ойыншысы Деандре Эйтон енді.

Бір қызығы, бұл ойыншылар 2018 жылғы драфтта үздік бестіктен таңдалды. Осылайша, масым қорытындысы бойынша, олар 2018 жылдың үздік ойыншылары деген сенімді ақтай алды.

Лука Дончич пен Трэй Янг лиганың үздік жаңа ойыншылары деген атақ үшін негізгі үміткерлер. Бұл таластағы фаворит словениялық Дончич саналады.