Сульшер Погбаны МЮ-да қалдыру үшін оған капитандық міндетті ұсынбақ

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер жартылай қорғаушы Поль Погбаны командада қалдыруды қалайды.

The Times ақпараты бойынша, норвегиялық маман франциялық ойыншыны сақтап қалу үшін барлығына да дайын. «Қызыл сойқандар» бапкері хавбекке келе маусымда капитандық қызметті атқаруды ұсынып отыр. Егер Погба «Манчестер Юнайтедтен» кететін болса, капитандыққа үміткер жартылай қорғаушы Эшли Янг атанбақ. Осыған дейін бұл жауапкершілікті қорғаушы Антонио Валенсия атқарған.

Бірнеше уақыт бұрын БАҚ өкілдері Погбаның жаз айында мадридтік «Реал» сапын толықтыратындығы жөнінде ақпарат таратқан болатын. Белгілі болғандай, бұл трансферге «Корольдік клубтың» бас бапкері Зинедин Зиданның өзі қызыққан көрінеді.

Биылғы маусымда 26 жастағы жартылай қорғаушы ағылшын Премьер-лигасында 35 матч өткізіп, 13 гол және 9 нәтижелі пасымен көзге түскен.