Уайлдер: Джошуамен жекпе-жек маған 100 млн $ пайда әкелуі мүмкін

Америкалық боксшы Деонтей Уайлдер британиялық Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу оған қомақты қаражат әкелуі мүмкін дегенді алға тартады.

«Сөзсіз, менің командам осындай іс-шараның қаншалық ірі көлемге ие болатындығын түсінеді. Суперсалмақтағы дивизион қазіргі уақытта қызығушылық тудыруда. Спорт айналымындағы қаржы өте үлкен. Жекпе-жек сайыпқырандарын бақылау және олардың нендей қабілетке ие екендігін білудің өзі бір ғанибет. Бірақ іс тұрғысында мұны жүзеге асыру мүлдем басқаша.

Маған кейбір дүниелерді түсіндіруге тырысатындықтан командамды сондай жақсы көремін. Себебі, бұл кей кездері өте қиынға соғады. Аль Хаймон мен Шелли Финкельдің бокстағы қос ғұмырын есептесек, 60 жылдай. Сондықтан, өз істерінің шебері емес деп қалай айта аласың? Олар ірі есімді чемпиондармен бірге жұмыс істеді. Шамамен, барлығымен десек те болады. Оларға барлығы аян. Күрескерді кезекті жаңа деңгейге, одан соң шыңға қалай шығаруды біледі. Осындай жандар сенім артуға тұрарлық деген ойдамын.

Мен де, Шелли де Джошуамен кездесу бізге 100 млн $ табыс әкеледі дегенге сенеміз», – дейді Уайлдер Metro баспасында.